Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Сегізінші шақырылған

Жақсы аудандық

мәслихатының кезектен

тыс қырық тоғызыншы

сессиясының күн

тәртібін бекіту туралы

                                           

           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

           Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-38-1 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы.
  3. Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 8С-42-5 «Халықты жұмыспен қамту жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  5. Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-6 «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын және комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-38-6 «2025 жылға арналған Жақсы аудандық мәслихатының жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                                      А. Бралина                                                              

Дата публикации
03 декабря 2025