Жақсы аудандық
мәслихатының кезекті
сессиясының қарауына
енгізілетін негізгі
сұрақтары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына келесі сұрақтар енгізілсін:
- 2026 - 2028 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы.
- 2026 - 2028 жылдарға арналған Жақсы ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің бюджеттері.
- 2025 жылға арналған Жақсы аудандық мәслихатының жұмысы туралы төрағасының есебі.
- Жақсы аудандық мәслихатының бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымы және кәсіпкерлікті дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік пен этика мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина