Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-39-1 «2025-2027 жылдарға арналған Жақсы ауданының ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 8С-39-1 «2025-2027 жылдарға арналған Жақсы ауданының

ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы»            

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы ауданының 2025-2027 жылдарға арналған ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-39-1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. 2025-2027 жылдарға арналған Жақсы ауылының бюджеті тиісінше 7, 8 және 9 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 209718,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 113126,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 55 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 900 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 95637,4 мың теңге;

2) шығындар – 218791,4 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – (-9072,6) мың теңге;

          5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 9072,6 мың теңге.»;

12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«12. 2025-2027 жылдарға арналған Тарасов ауылдық округінің бюджеті тиісінше 34, 35 және 36 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 30709,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 7202 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 23507,3 мың теңге;

2) шығындар – 31047,3 мың теңге;

3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – (-388) мың теңге;

          5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 388 мың теңге.»;

 көрсетілген шешімнің 7, 34 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                 А. Бралина

 

 

 

 

Дата публикации
06 октября 2025