«Жақсы ауданының
кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
жұмысы, ауданның дамуына
шағын және орта бизнестің
қосқан үлесі туралы
Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А. Б. Хасеновтың есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихатының депутаттары аталған сұрақ бойынша бөліммен белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі аграрлық секторды дамыту және шағын мен орта бизнесті қолдау мақсатында кешенді іс-шараларды жүзеге асырды. Ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер бойынша жұмыс топтары құрылды: шегірткеге қарсы күрес, тұқымдық материал сапасын бақылау, техникаға түгендеу жүргізу, орақ науқанын мониторингтеу және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында мал шаруашылығын дамыту, техника сатып алу және қызмет көрсету саласын кеңейту жобалары жүзеге асырылды. Жаңа ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, жұмыс орындары ашылды.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне, соның ішінде цифрлық сервистермен жұмыс істеу бойынша, кеңес беру көмегі көрсетілуде. 400-ден астам мемлекеттік қызметтер ұсынылды.
Кәсіпкерлік саласында шағын және орта бизнес субъектілерінің санының өсуі байқалады. Өндірістік және әлеуметтік нысандарды құруға, инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Бөлімнің қызметі ауданның тұрақты дамуын, халықтың жұмыспен қамтылуын және өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Ауыл Аманаты» бағдарламасының іске асырылуын әрі қарай жалғастырып, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсетуді және агроөнеркәсіп саласында жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету;
- аудандағы шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерді оқыту және олардың қызметін жүргізуге қолайлы жағдай жасау арқылы қолдау көрсету;
- ауданның экономикалық әлеуетін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында инфрақұрылым, өндіріс және әлеуметтік нысандарды дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен қолдауды жалғастыру.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина