Жақсы ауданы әкімінің
өзіне жүктелген
функциялар мен
міндеттердің орындалуы
туралы есебі
Жақсы ауданының әкімі А.А. Қадыралинаның жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдап, талқылай келе, аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімдігі тарапынан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жетілдіру бойынша жүйелі және мақсатты жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Негізгі бағыттар – инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сумен жабдықтау, абаттандыру, білім беру және денсаулық сақтау салаларында тұрақты өсім қамтамасыз етіліп, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда, сондай-ақ кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді.
Тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, жаңа жұмыс орындары құрылды, бірқатар инвестициялық жобалар сәтті іске асырылды. Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы нысандарды жөндеу мен салу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар жұмыспен қамту, цифрландыру, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру, ауылдық медицина саласын жаңғырту, жастар мен әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдау бағытындағы шаралар да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 «Әкімдердің мәслихаттар алдындағы есеп беруі туралы» Жарлығына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Негізгі капиталға инвестицияны ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыру.
2) Ірі қара және ұсақ мал басын қалпына келтіру және көбейту, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау және «Ауыл аманаты» бағдарламасын тиімді пайдалану бойынша жұмысты жалғастыру.
3) Өнім өткізу нарығын кеңейту және өнімді өңдеу үлесін арттыру мақсатында шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстарын жалғастыру, сондай-ақ құрылыс, өнеркәсіптік өндіріс және бөлшек сауда салаларындағы орындалмаған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша шаралар қабылдау.
4) «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тетіктерін одан әрі дамыту, есептік кездесулер мен азаматтарды қабылдауды жалғастыру, сондай-ақ тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел әрекет ету.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина