Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезекті
қырық жетінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Жақсы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- «Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы, ауданның дамуына шағын және орта бизнестің қосқан үлесі туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-21-4 «Жақсы ауылы және Жақсы ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер участкелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-39-1 «Жақсы ауданының 2025-2027 жылдарға арналған ауылдар, ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 8С-44-2 «Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» шешімін жою туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай–ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органы комиссиясының құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі сұрақтары туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина