Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы

Жақсы ауданы әкімдігінің

жанындағы жер

комиссиясының құрамын

және комиссия жөніндегі

Ережені бекіту туралы

 

 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15-бабына және Жақсы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № а-6/104 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Жер комиссия туралы Ереже 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Жақсы аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 28 мамырдағы № 8С-27-1 «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы» шешімі жойылсын.
  4. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

                                                

Жақсы аудандық     

мәслихатының төрағасы                                                                 А. Бралина

Дата публикации
31 июля 2025