Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезектен
тыс қырық алтыншы
сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-19-1 «Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7ВС-46-3 «Жақсы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина