А.С. Саутованың депутаттық қызметі туралы есебі

          

А. С. Саутованың депутаттық қызметі туралы есебі

 Мен, Саутова Ақжарқын Сұлтанқызы, №10 сайлау округі бойынша депутатымын. Сайлау округ құрамына Алғабас және Қийма ауылдары кіреді. Қийма ауылындағы халық саны 1236 адам, сайлаушылар саны 780, оның ішінде зейнеткерлер саны 140 адамды құрайды.

Ауыл аумағында 16 шаруа қожалығы, 6  - ЖШС, 18 - ЖК, 1 мектеп, 1 ауылдық кітапхана, 1 мектеп жанындағы клуб бар. Алғабас ауылының халық саны - 111 адам, сайлаушылар саны - 34 адам, ауыл аумағында 3 ЖШС және 2 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Бір жыл ішінде аудандық мәслихаттың депутаты ретінде аудандық мәслихаттың кезекті және кезектен тыс сессияларының жұмысына қатыстым. Әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және қаржылық сипаттағы мәселелер қаралды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер бекітілді. Аудандық мәслихаттың шешімімен "Жақсы ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы", "ауылдар мен ауылдық округтердің 2024 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы" есептер бекітілді, аудандық бөлімдер басшыларының денсаулық сақтау, білім беру, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы есептер және басқа да маңызды мәселелер тыңдалды.

Жақсы ауданы мәслихаты жанындағы әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттіктер және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы бола отырып, комиссияның жұмысын ұйымдастырамын. Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес ауданның тыныс-тіршілігі мен дамуына қатысты халықты толғандыратын аса маңызды мәселелер қаралды.

Мен, депутат ретінде, республикалық «Мектепке жол» акциясына, балаларды қорғау күніне, қарттар күніне және басқа да шараларға белсенді қатысамын. Бақылауда  әлеуметтік-маңызды нысандарының жылу беру маусымын қауіпсіз өткізу үшін тексеру мәселесі тұр. Депутаттық қызметімде және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасы ретінде көп балалы, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету жағдайын тұрақты бақылауда ұстаймын: бұл отынмен көмек, тұрмыстық мәселелерді шешу, басқа да материалдық көмектерді бекіту. «Қарызсыз қоғам», «Ардагерлерді ардақтайық», «Қайсар», «Жер Аманаты», «Бақытты отбасы», «Жастарға Жастар үздігі», «Томирис» сияқты партиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысамын.

Депутаттардың жауапкершілігінің ажырамас бөлігі – халықпен жұмыс жасау. Аудандық мәслихат депутаты ретінде,  мен 7 жеке азаматтарды қабылдау өткіздім. Азаматтар жұмысқа орналасу, тұрмыстық мәселелер бойынша көмек көрсету, құжаттарды рәсімдеу, иттерді ұстау мәселелері және басқа да сұрақтар бойынша жүгінді. Кейбір мәселелер оң шешімін тапты, ал кейбіреулеріне түсініктемелер берілді.

Депутаттармен бірлесіп, біз бірнеше депутаттық сұрау жолдадық, олардың негізгі бөлігі оң шешімін тапты, ал 2 сұрақ бақылауда тұр.

 «AMANAT» партиясының сайлау бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының тармақтарын орындау тұрақты бақылауда, мен депутат ретінде білім, мектепке дейінгі тәрбие және денсаулық сақтау мәселелері бойынша бекітілгенмін. Халықпен кездесу барысында интернет алаяқтық, қабылданған заңнамадағы өзгерістер, мысалы, Салық кодексі, Бюджет кодексі, Әлеуметтік кодекс және басқа да өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіземін.

Менің депутаттық қызметім Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ Жақсы аудандық мәслихатының ресми сайтында жарияланады.

 

 

  А.С. Саутованың депутаттық қызметі туралы есебі
Дата публикации
02 июля 2025