Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының депутаты М.Ж. Мейрамовтың есебі

Жақсы аудандық мәслихатының

сегізінші шақырылымының

депутаты М.Ж. Мейрамовтың есебі

 

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңның 21-бабының 2-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес депутаттар жыл сайын өз сайлаушыларының алдында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп береді.

Депутаттың есебі - біздің өміріміздегі маңызды оқиға. Мәслихаттардың рөлі, олардың қоғамды демократияландыруға, Ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында көрініс тапқан проблемаларды шешуге ықпалы артып келеді.

Мәслихаттар жергілікті мәселелерді шешуде маңызды буын болды, және де солай болып қала береді. Депутат ретінде, менің қоғамдық-саяси қызметімде әрқашан Жаңа Қийма және Лозовое ауылдарының сайлаушыларының мәселелері бақылауда болады, өйткені мен №9 сайлау учаскесі бойынша депутат болып табыламын. Бұл округтегі сайлаушылар саны 1127 адамды құрайды.

Жаңа Қийма ауылының аумағында мектеп, балабақша, мәдениет үйі, ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, тігін ательесі, мейрамхана, наубайхана, өнеркәсіптік және азық-түлік дүкендері бар, 4 ЖШС, 17 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Лозовое ауылында мектеп, мәдениет үйі, пошта бөлімшесі, дәріхана, ФАП, мейрамхана және дүкендер бар. Өз қызметін 1 ЖШС және 7 шаруа қожалығы, 12 жеке кәсіпкер жүргізеді.

Сайлауалды бағдарламамда мен өзімнің сайлаушыларымның өмір сүру сапасын жақсартатын міндеттер қойдым. Бүгінгі таңда бағдарламаның көп бөлігі жүзеге асырылуда деп айта аламын, бірақ бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда Ғ.Әбдірахманов атындағы мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Мен Жаңа Қийма ауылдық дәрігерлік амбулаториясында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы сұрақты бірнеше рет көтердім.

          2024 жылы аудандық мәслихаттың барлық кезекті және кезектен тыс сессияларының жұмысына қатыстым, онда аудан бюджетін және ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттерін нақтылау, бекіту және игеру мәселелері қаралды.  Жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру мәселелері қаралды, аудан әкімінің «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» есебі тыңдалды, азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақыларына 30% мөлшерінде үстемеақы, салық мөлшерлемесін 4-тен 2%-ға төмендету, ауылға жұмыс істеуге  келген мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы және аудан үшін басқа да маңызды мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.

Аудан мәслихаты жанындағы бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылым және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі бола отырып, Жаңа Қийма ауылдық округі мен Лозовое ауылы үшін қаражат бөлу, жайылымдық жерлерді бөлу туралы мәселелерді шешу, ауылдағы әлеуметтік нысандарды жөндеу мәселелерін шешу және басқа да маңызды мәселелерді қарау кезінде белсенді қатысамын.

Сондай-ақ, Жақсы ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кіремін, оның отырыстарында біздің сайлаушыларды толғандыратын өзекті мәселелер шешіледі.

         Мен ауданда және Жаңа Қийма және Лозовое ауылдарында өткізілетін барлық мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысамын.

2024 жылы депутаттық қызметімде кесте бойынша 4 рет азаматтарды жеке қабылдау жүргіздім, маған мал шаруашылығын жем-шөппен қамтамасыз ету, ауылды абаттандыру және санитарлық тазалау, қаңғыбас иттерді аулау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінді. Барлық мәселелер оң шешімін тапты.   

Ауданның жергілікті атқарушы органдарына жолдарды, ауылдық дәрігерлік амбулаторияны және мектептерді жөндеу, мектептерді материалдық қамтамасыз етудің нашарлығы, Жақсы-Чистополье жолының жөнделуі, «Аманат» партиясының Жол картасы тармақтарының орындалу барысы бойынша депутаттық сауалдар жолданды. Барлық сауалдарға жауаптар беріліп, кейбір мәселелер орындалу үстінде.

Әлеуметтік нысандар жұмысының мониторингі шеңберінде мектептердегі, балабақшадағы және ауылдық клубтардағы қазандықтардың жұмысын, қатты отынмен қамтамасыз ету, қазандықтардың жұмысы және үй-жайлардағы температуралық режимнің жұмыстарын бақылауда үнемі ұстап отырамын.

         Мен ұжымдарда Президенттің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру, интернет алаяқтық мәселелері, Бюджет кодексі, Салық кодексі және басқа да жаңадан қабылданған заңдар бойынша кездесулер өткіземін.

Барлық депутаттар сияқты «Мектепке жол», Қарттар күні қайырымдылық акцияларына, мұқтаж азаматтарға материалдық көмек көрсетуге және басқа да іс-шараларға белсенді қатысамын. Мен ауыл тұрғындарына мал азығы жем-шөппен көмек көрсетіп, ауданда спорттық іс-шараларды өткізуге, басқа да түрлі іс-шараларға көмек көрсетемін.

Биылғы жылы балаларды Қорғау күні қарсаңында аудан депутаттары балаларға арналған сыйлықтар ұйымдастырып, барлық ауыл және ауылдық округ әкімдеріне мереке құрметіне балаларға беру үшін табыстады.

         Менің депутаттық қызмет шеңберінде өткізетін барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерде және аудандық мәслихаттың сайтында жарияланады.

Алдағы уақытта өз сайлаушыларымның өмір сүру сапасын арттыру және сайлауалды бағдарламамның тармақтарын жүзеге асыру бойынша алға қойған мәселелер мен міндеттерді шешу бағытында депутаттық қызметімді жандандыратын боламын.

Отчет депутата Жаксынского районного маслихата восьмого созыва Мейрамова М.Ж.
Дата публикации
02 июля 2025