Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Сегізінші шақырылған

Жақсы аудандық

мәслихатының кезектен тыс

қырық төртінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

                                           

 

           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

           Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1.       Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы  № 8С-38-1 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жақсы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы.
  3. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  4. Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-19-1 «Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  5. Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7ВС-46-3 «Жақсы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                                      А. Бралина                                       

Дата публикации
01 июля 2025