2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша көрсеткіштер және жаңа оқу жылына арналған жоспарлар туралы есебі

2024-2025 оқу жылының

қорытындысы бойынша

көрсеткіштер және жаңа

оқу жылына арналған

жоспарлар туралы есебі

 

 

Жақсы ауданы бойынша білім беру бөлімі басшысының                                       м.а. Ш.  Әбішеваның  «2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша көрсеткіштер және жаңа оқу жылына арналған жоспарлар туралы» есебін тыңдап, талқылағаннан кейін Жақсы аудандық мәслихаты аталған сұрақ бойынша бөліммен белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жақсы ауданында оқу жылының аяқталуы штаттық режимде өтуде. Ауданда «Алтын белгі» төсбелгісіне 16 үміткер және үздік аттестатқа 4 үміткер бар. Аудан мектептеріне жаңа модификация және инклюзия кабинеттері пайда болды, оқушылар үшін тегін тамақтану, сондай-ақ мектептер жоқ елді мекендерден балаларды тасымалдау ұйымдастырылды. Аудан мектептерінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мектеп оқушыларының жазғы демалыс уақытында сауықтыру демалысын, еңбекпен және шығармашылық жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудандағы мектеп оқушыларының жалпы жұмыспен қамтылуы 100 пайызды құрап, халықтың әлеуметтік осал санатындағы балаларға ерекше көңіл бөлініп, олардың сапалы демалыспен қамтылуына жағдай жасалуда.

        Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы ауданы бойынша білім беру бөлімінің басшысының м.а. Ш. Әбішеваның есебі бекітілсін.
  2. Жақсы ауданы бойынша білім беру бөліміне ұсыну:  

        - балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, мектепке дейінгі білім берудің сапалы қызметтерін ұсыну бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;

        -  аудандағы білім беру нысандарының қауіпсіздігін 100% қамту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру;

        - білім беру нысанына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуді, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алсын.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының  төрағасы                                                                            А. Бралина

 

 

 

 

Дата публикации
02 июня 2025