Жақсы ауданының ауыл
және ауылдық округтерінің
2024 жылға арналған
бюджеттерінің атқарылуы
жөніндегі есептерді
бекіту туралы
Жақсы ауданының әкімі А. Кадралинаның «Жақсы ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2024 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі» есебін тыңдап, талқылай келе Жақсы аудандық мәслихаты 2024 жылға арналған бюджеттерінің орындалуы бойынша ауыл және ауылдық округтер әкімдері тарапынан белгілі бір жұмыстар атқарылғанын атап өтеді.
2024 жылға арналған ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттері Жақсы аудандық мәслихат сессиясының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-18-1 шешімімен бекітілген.
1) 2024 жылға Жақсы ауылы бюджетінің кірістері 202 233,4 мың теңге болып жоспарланған, ал нақты орындалуы 209 954,3 мың теңгені немесе 103,8% құрады.
кірістер – 209 954,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 79 073,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 156,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 352,1 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 130 372,1 мың теңге.
2) 2024 жылы Киевское ауылының бюджет түсімдері 68 745,5 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 65 243,8 мың теңгені немесе 105,4% құрады.
кірістер – 68 745,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 11 548,9 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 180,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 57 016,5 мың теңге.
3) 2024 жылы Подгорное ауылы бюджетінің түсімдері 84 735,2 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 85 499,2 мың теңгені немесе 100,9% құрады.
Кірістер – 85 499,2 мың теңге, соның ішінде:
Салықтық түсімдер – 7 199,3 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 78 299,9 мың теңге.
2024 жылы Терісаққан ауылы бюджетінің түсімдері 44 558,5 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 47 166,5 мың теңгені немесе 105,9% құрады.
кірістер – 47 166,5 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 762,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 107,5 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 43 296,9 мың теңге.
5) 2024 жылы Чапаевское ауылы бюджетінің түсімдері 27 752,0 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 28 999,9 мың теңгені немесе 104,5% құрады.
кірістер – 28 999,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 7 951,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4,1 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 21 044,0 мың теңге.
6) 2024 жылы Тарасов ауылдық округінің бюджет түсімдері 54 997,0 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 55 333,6 мың теңгені немесе 100,6% құрады.
кірістер – 55 333,6 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 7 314,6 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 48 019,0 мың теңге.
7) 2024 жылы Белагаш ауылының бюджет түсімдері 39 528,9 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 39 780,7 мың теңгені немесе 100,6% құрады.
кірістер – 39 780,7 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 9 289,5 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 30 490,9 мың теңге.
8) 2024 жылы Беловод ауылдық округінің бюджет түсімдері 35 173,3 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 43 788,3 мың теңгені немесе 124,5% құрады.
кірістер – 43 788,3 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 15 838,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 347,9 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4,9 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 27 597,2 мың теңге.
9) Жана Қийма ауылдық округінің бюджет түсімдері 108 415,3 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 112 404,3 мың теңгені немесе 103,7% құрады.
кірістер – 112 404,3 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 27 384,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 1 102,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 375,6 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 80 542,1 мың теңге.
10) 2024 жылы Запорожье ауылдық округінің бюджет түсімдері 53 797,0 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 58 352,5 мың теңгені немесе 108,5% құрады.
кірістер – 58 352,5 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 20 182,7 мың теңге;
малықтық емес түсімдер – 8,8 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 38 161,0 мың теңге.
11) 2024 жылы Ешім ауылдық округінің бюджет түсімдері 186 858,8 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 189 456,8 мың теңгені немесе 101,4% құрады.
кірістер – 189 456,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 13 288,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 1 497,7 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 174 670,2 мың теңге.
12) 2024 жылы Калинин ауылдық округінің бюджет түсімдері 49 143,8 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 50 326,1 мың теңгені немесе 102,4% құрады.
кірістер – 50 326,1 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 14 200,9 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 36 125,2 мың теңге.
13) 2024 жылы Қызылсай ауылдық округінің бюджет түсімдері 46 287,8 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 47 783,9 мың теңгені немесе 103,2% құрады.
кірістер – 47 783,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 15 528,1 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 32 255,8 мың теңге.
14) 2024 жылы Новокиенка ауылдық округінің бюджет түсімдері 33 800,0 мың теңге болып жоспарланып, нақты орындалуы 37 190,1 мың теңгені немесе 110,0% құрады.
кірістер – 37 190,1 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 13 477,1 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 23 713,0 мың теңге.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, 2025 жылғы 18 сәуірдегі Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қортыңдысы және 2025 жылғы 8 мамырдағы Жақсы аудандық мәслихаты жанындағы бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- бюджет қаражатының толық және сапалы игерілуін және жергілікті бюджетке түсетін түсімдер жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
- кіріс бөлігін толтыру, салық салу базасын кеңейту, меншікті табыс үлесін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу;
- бюджеттік бағдарламалардың орындалуын жоспарлау, негіздеу және нәтижелерге қол жеткізу, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылауды күшейту, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу, сондай-ақ көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
- бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және пайдалануында, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде бюджеттік талаптарды Қазақстан Республикасының басқа да заңдылықтарын бұлжытпай сақтау.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина