Жақсы ауданының 2024 жылға
арналған бюджетінің атқарылуы
жөніндегі есепті бекіту туралы
Жақсы ауданының әкімі А. Қадыралинаның «Жақсы ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» есебін тыңдап, талқылай келе Жақсы аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдарымен 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша тиісті жұмыстар атқарылғанын атап өтеді.
Аудандық әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары 2023 жылмен салыстырғанда негізгі экономикалық көрсеткіштердің оң серпінін көрсетіп отыр. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,4 млрд. теңгені немесе 104,8%-ды (2023 жылы – 2,4 млрд. теңге немесе 80,8%) құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,7 млрд. теңге, нақты көлем индексі 199,5% (2023 жылы – 3,9 млрд.теңге немесе 89,7%). Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 3727 шаршы метрді немесе 160,4% құрады (2023 ж. – 2324,0 ш.м. немесе 100,0%).
Аудандық мәслихат сессиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-1 шешімімен 2024 жылға арналған аудан бюджеті бекітілді. Түзетілген кірістер жоспары 3 745 621,1 мың теңгені, ал нақтыланған шығыстар жоспары 1 353 618,8 мың теңгені құрады. Кіріс жоспары жалпы 100,9%-ға орындалды, бюджетке 3 780 714,5 мың теңге түсті, оның ішінде меншікті кірістер 102,5 %-ға орындалып, 1 399 037,4 мың теңге жоспар 1 434 130,8 мың теңгеге түсті, жоспар 35093,4 мың теңгеге артық орындалды.
Трансферттердің түсімі 100% немесе 2 346 583,7 мың теңгені құрады.
2024 жылы аудан бюджетінің шығыстары 3 956 980,6 жоспармен 100 пайызға орындалды.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, 2024 жылғы 18 сәуірдегі Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы және 2024 жылғы 5 мамырдағы Жақсы аудандық мәслихаты жанындағы бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізуде тиімділік пен нәтижелілікке бағытталған бюджетті әзірлеуді және оның орындалуын қамтамасыз ету;
- жергілікті бюджеттің кіріс жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, кіріс бөлігін арттыру және салық салу базасын кеңейту жұмыстарын жүргізу.
- бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды жоспарлауға және оның нәтижелеріне қол жеткізуге көңіл бөлу, ағымдағы жылға аудандық бюджетті жоспарлау кезінде және атқару барысында Тексеру комиссиясының ұсыныстарын ескеру;
- бюджет қаражатының сапалы әрі уақытылы пайдаланылуын тұрақты бақылауға алу;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламалық құжаттарда көрсетілген іс-шаралар мен бюджеттік инвестициялық жобаларды тиімді және толық іске асыруын бақылау, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету.
- бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алып, нысаналы трансферттердің сапалы игерілуіне ерекше көңіл бөлу.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина