Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезектен тыс
қырық екінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- 2025 жылға арналған Жақсы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1
«Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы ауданында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.
- «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Халықты жұмыспен қамту жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина