Жақсы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу мен ескерту және су тасқыны жағдайының күрделенуіне жол бермеу туралы

Жақсы ауданында

төтенше жағдайлардың

алдын алу мен ескерту

және су тасқыны

жағдайының күрделенуіне

жол бермеу туралы

 

 

          Жақсы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Б. Әбілмаженовтің есебін тыңдап, талқылай келе, аудандық мәслихат депутаттары осы сұрақ бойынша бөліммен белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

           2025 жылы су тасқынының кезеңіне жоспарланған профилактикалық іс-шаралар 100% орындалды. Су тасқынына қарсы жедел штаб құрылды, эвакуациялық пункттер мен техника дайындалды. Каналдарды, арықтарды және су өткізгіш құрылғыларды қардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, аудан бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және және жол бермеу жөніндегі ақпараттық және үгіттік–профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Б. Әбілмаженовтің есебі бекітілсін.
  2. Ұсынылсын:

- азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы ауылдар мен ауылдық округтер әкімдіктерінің жұмысын тұрақты негізде үйлестіру және мониторинг жасау;

- аудан бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жол бермеу жөніндегі ақпараттық, үгіттік- профилактикалық жұмысты жалғастыру;

          - аудан аумағында 2024 жылдың көктемгі кезеңінде тасқын суларға қарсы шаралар дайындау және апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық       

мәслихатының төрағасы                                                                  А. Бралина

Дата публикации
28 марта 2025