«Жақсы ауданының құрылыс бөлімі» ММ басшысының ауданда тұрғын үй және әлеуметтік- мәдени объектілер құрылысының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы туралы есебі

Жақсы ауданының

құрылыс бөлімі» ММ

басшысының ауданда

тұрғын үй және әлеуметтік-

мәдени объектілер

құрылысының жоспарлы

көрсеткіштерінің орындалуы

туралы есебі

 

 

          «Жақсы ауданының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Д. Қосшығұловтың ауданда тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени объектілер құрылысының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы туралы есебін тыңдап, талқылай келе, аудандық мәслихат депутаттары мемлекеттік мекемесімен ауданның инфрақұрылымын дамытуға және жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Жақсы ауданының құрылыс бөлімімен тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым жобалары әзірленіп және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұлттық жоба аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп, Жақсы ауылында жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының құрылысы жоспарланып отыр.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1.    «Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Д. Қосшығұловтың есебі бекітілсін.
  2.    Ұсынылсын:

          - 2025 жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін пайдалануға беруді қамтамасыз ету;        

          - конкурстық рәсімдерді өткізуді және ауданда жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының және басқа да құрылыс объектілерін уақтылы ұйымдастыруды тұрақты бақылауда ұстау.

  1.   Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                           А. Бралина

 

Дата публикации
28 марта 2025