Жақсы аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
26 желтоқсандағы «Жақсы
ауданының учаскелік
сайлау комиссияларын
сайлау туралы» № 8С-19-2
шешіміне енгізілген
өзгерістерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабы 6-тармағының 2-бөлімі 1), 3) тармақшаларына сәйкес және Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 2/23, 2025 жылғы 7 ақпандағы № 7/24, қаулылары негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№ 458 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Любовь Викторовна Белянина атқаратын міндеттерінен әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты босатылсын.
№ 468 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасы Гүлмира Шамұханқызы Сәуленова атқаратын міндеттерінен әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты босатылсын.
№ 458 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Салима Тұрсынқызы Аубакирова енгізілсін.
№ 468 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Жанар Нұриденқызы Малиновская енгізілсін.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина