Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс қырықыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Сегізінші шақырылған

Жақсы аудандық

мәслихатының кезектен

тыс қырықыншы

сессиясының күн тәртібін

бекіту туралы

                                           

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

          Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс қырықыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. 2025-2029 жылдарға арналған Жақсы ауданындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспарын бекіту туралы.
  2. Жақсы ауданында щаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы.
  3. Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № 8С-27-1 «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  4. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  5. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  6. Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 6ВС-40-3 «Жақсы ауданының Билер кенесінің құрамын бекіту туралы» шешімін жою туралы.
  7. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай–ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органы комиссиясының құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  8. Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 8С-19-2 шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                                      А. Бралина                                                              

Дата публикации
13 марта 2025