Жақсы аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру

Жақсы аудандық  Қоғамдық кеңесінің мүшелерін

сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру

2025 жыл 30 қаңтар

 

 

Жақсы ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы хабарлайды:

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) негізінде, Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 1 отырысының хаттамасына сәйкес Жақсы аудандық  Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс жарияланады.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы: 11 (он бір) адам.

Мемлекеттік орган өкілдігі: 2 (екі) адам

Коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың өкілдігі:  9 (тоғыз) адам (коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады).

Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде (2025 жылғы 30 қаңтардан бастап 2025 жылғы 12 ақпанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).

 Мекенжай: «Жақсы аудандық  мәслихатының аппараты» ММ,

Жақсы  ауылы, Дружба көшесі, 3, 231 кабинет, жұмыс телефондары: 8(71635)21009. Электрондық пошта: maslihat_zhaksy@mail.ru; jagsy_masl@agmola.gov.kz.

Жұмыс тәртібі: «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-дан 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс сенбі, жексенбі.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабында Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын мынадай талаптар белгіленген:

 Он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде Қоғамдық кеңес құрылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған болмауы;

3) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты есепте тұрмауы.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші;

2) кандидаттың өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды пайдаланумен байланысты бұзылулардың болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім береді.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат Заңның 10-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды дербес немесе қатысуымен ақпараттық жүйелерден Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік орган көрсетілген анықтамаларды талап етуге жазбаша келісім арқылы ұсынады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

Кандидаттар келесі жағдайлардың бірі болған кезде сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді:

1) Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;

2) Заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылмағанда;

3) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынған кезде.

 

 

 

Өтініштің жобалық үлгісі

 

Кімге: Жақсы аудандық мәслихаты

Кімнен ____________________________________

(т.а.ә)

жеке куәлік № ______________________________

____________________________ берілген.

Мына мекенжай бойынша тұратын:
Жақсы ауданы, _____________________________

___________________________________________

тел:______________________

 

 

 

Жақсы ауданы Қоғамдық кеңесінің

құрамына кандидатура ұсыну туралы

ӨТІНІШ

 

Мен, __________________________________________________________,

(тегі, аты, әкесінің аты)

Жақсы ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын.

Осы өтінішпен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Заңның 10-бабының талаптарына сәйкестігін растаймын.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

  • жеке куәлік;

2) кандидаттың өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты болуы не болмауы туралы анықтама;

5)  кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім беру.

(Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат Заңның 10-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды дербес немесе қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның қатысуымен ақпараттық жүйелерден аталған анықтамаларды талап етуге жазбаша келісімі арқылы ұсынады (қоса беріледі).)

Осы өтінішпен дербес деректерді жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға өзімнің жазбаша келісімімді беремін.

 

 

«___» ________ 20_____ ж.     ________________      _____________________

                                                 (қолы)                   (қолдың толық жазылуы)

 

 

 

 

жобалық үлгісі

 

Жақсы ауданы Қоғамдық кеңесінің

құрамына кандидатура ұсыну туралы өтінішке қосымша

 

 

Мен(ТАӘ)___________________________________________________ «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат ретінде қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның анықтамалардың ақпараттық жүйелерінен: соттылығының болуы не болмауы туралы; психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты болуы не болмауы туралы талап етуге жазбаша келісім беремін.

 

«___» ________ 20_____ ж.     ________________      _____________________

                                                 (қолы)                           (қолдың толық жазылуы)

 

 

Қосымшаның жобалық үлгісі

 

 

 

Жақсы аудандық Қоғамдық кеңесінің

құрамына кандидатура ұсыну туралы ұсынысқа қосымша

 

Жақсы аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатура ұсынуға келісім

 

 

Мен, __________________________________________________________,

(тегі, аты, әкесінің аты)

 

«___» _____________ ________ жылы туған, жеке куәлігінің №_________________, ___________ «___»____________ ____ жылы (кім) берген,   мына мекенжай бойынша (тұратын): __________________________

__________________________________________________________________, 

 

Жақсы аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынуға өз келісімімді беремін.

Осы өтінішпен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға Заңның 10-бабымен сәйкестігін растаймын (құжаттар қоса беріледі) немесе осы мәліметтерді сұратуға өз жазбаша келісімімді беремін (қажетінің астын сызу керек).

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға жазбаша келісімімді беремін.

 

 

«___» ________ 20_____ ж.     ________________      _____________________

                                                 (қолы)                         (қолдың толық жазылуы)

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 января 2025