Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты Жақсы ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурс өткізетінін хабарлайды.
Мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, конкурсқа қатысуға ниет білдіруші азаматтар жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды қолма-қол немесе Жақсы аудандық мәслихатының электрондық поштасына жібереді:
Үміткер мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік сектордың субьектісінен құралатын қоғамдық кеңес, ақпараттық жүйеден көрсетілген 3) және 4) тармақшаға сәйкес өз еркімен немесе жазбаша анықтама ұсынады.
Жақсы ауданының Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, жеке тұлғалар, барлығы бес адамнан құралады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 5 жұмыс күнінен тұрады, 2025 жылғы 15 қаңтардан бастап 2025 жылғы 21 қаңтар аралығында.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша азаматтар 8(71635)21009 телефон нөмірі бойынша хабарласа алады.
Жұмыс тобының құрамына үміткерлерден құжаттар қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Жақсы ауылы Дружба к-сі, 3, «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» ММ, №231 кабинет; немесе электрондық поштаға: maslihat_zhaksy@mail.ru; jagsy_masl@agmola.gov.kz.
Қоғамдық кеңес туралы
Үлгі ережеге қосымша
Кімге______________________
( республикалық деңгейдегі
мемлекеттік органдар немесе
жергілікті өкілді органның атауы)
кімнен________________________
________________________
(Өтініш берушінің тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)
жеке куәлігі №, берілген
(қашан, кімнен)
Мекен-жайы: _______________
__________________________
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының құрамына кіру үшін өз кандидатурамды ұсынамын
___________________________________________________________________
Осы өтінішіммен Қазақстан Республикасының 2015 жыл 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» заңмен танысқаным туралы және заңды орындау туралы міндетті мойныма аламын.
Келесі құжаттарды қоса беремін:
2025 жыл «____»__________ Өтініш берушінің қолы_________________