Жақсы аудандық
мәслихатының бюджеттік
саясат, коммуналдық
инфрақұрылымы және
кәсіпкерлікті дамыту мәселесі
жөніндегі тұрақты комиссиясы
төрағасының есебі туралы
Бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Н. Садықовтың есебін тыңдап, талқылағаннан кейін, Жақсы аудандық мәслихаты тұрақты комиссияның жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Тұрақты комиссияның отырыстары әзірленген жоспарға сәйкес өткізілді, осы комиссияның құзыретіне жататын мәселелер қаралды.
Жақсы аудандық мәслихатының Facebook және Instagram әлеуметтік желілері парақшаларында және тұрақты комиссия отырыстары туралы ақпараттық хабарламалар үнемі интернет-ресурста жарияланады
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- өз құзыреті шегінде өз қызметінің бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру;
- жұмыс әдістерін жетілдіру, тапсырылған жұмыс учаскесі үшін тұрақты комиссия мүшелерінің дербес жауапкершілігін арттыру;
- комиссия отырыстарында Жақсы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының қаулыларын іске асыру бойынша бөлім басшыларының есептерін тыңдау практикасын жалғастыру;
-қаралып отырған мәселелерді жан-жақтызерделеумақсатындаауылдықокругтергетұрақтыкомиссияныңкөшпеліотырыстарыныңпрактикасынкеңіненпайдалану.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина