Жақсы аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылғы аудандық мәслихаттың қызметі туралы есебі

Жақсы аудандық мәслихаты

төрағасының 2024 жылғы

аудандық мәслихаттың

қызметі туралы есебі

 

 

          Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы А.Д. Бралинаның «2024 жылғы аудандық мәслихаттың қызметі туралы» есебін тыңдап, талқылағаннан кейін депутаттар есепті кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге бағытталған белгілі бір жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

          2024 жылы 20 сессия өткізілді, онда аудан өмірінің түрлі салаларына қатысты мәселелер талқыланды. Оның ішінде: мәслихаттың 4 кезекті және 16 кезектен тыс сессиясы өткізілді. Барлығы 87 шешім қабылданды.

         Сессия барысында аудандық бюджетті, ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттерін қалыптастыру және олардың орындалуына көп көңіл бөлінеді.

         Есепті кезеңде мәслихаттың тұрақты комиссиялары барлығы 9 отырыс өткізді, онда 25 мәселе қаралды. Тұрақты комиссиялардың барлық отырыстарының қорытындысы бойынша қаулылар қабылданды, онда атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыру, бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу жөнінде ұсынымдар берілді.

         Мәслихат депутаттары ауылдық округтерге көшпелі кездесулер және азаматтардың жеке қабылдаулары өткізіледі. Кездесулердің қорытындысы бойынша депутаттық сауалдар жіберіледі, олардың көпшілігі оң шешілген.

         Барлық депутаттар ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысады, қайырымдылық акцияларының қатысушылары болып табылады.

          Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде, ресми сайтта мәслихаттың атқарған жұмысы туралы ақпарат халықтың барынша ашықтығы мен ақпараттандырылуы мақсатында үнемі жарияланып отырады. Әрбір депутат өзінің депутаттық қызметін әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында да жариялайды.        

           Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы А. Д. Бралинаның есебі назарға алынсын.
  2.     Аудандық мәслихат депутаттарына ұсынылсын:

           -  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген өз өкілеттіктері мен құқықтарын тиімді пайдалану;

           - өз өкілеттіктерін орындауда белсенділікті арттыруға, сайлауалды бағдарламаларды орындауға үнемі қол жеткізу;

           - сайлаушылармен байланысты нығайту және азаматтарды тұрақты қабылдау;

           - аудандық мәслихаттың қабылдайтын шешімдерінің, тұрақты комиссиялар қаулыларының орындалуын бақылау жүйесін жетілдіру.

  1.    Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                             А. Бралина                       

Дата публикации
06 января 2025