Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезекті
отыз сегізінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- Жақсы аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылғы аудандық мәслихаттың қызметі туралы есебі.
- Жақсы аудандық мәслихатының бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымы және кәсіпкерлікті дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік пен этика мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі туралы.
- «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған аппаратының құрылымы мен штатын, қызметін қамтамасыз етуге және ұстауға арналған шығыстарды бекіту.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина