Жақсы аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
26 желтоқсандағы «Жақсы
ауданының учаскелік сайлау
комиссиясының мүшелерін
сайлау туралы» № 8С-19-2
шешіміне енгізілген өзгерістерді
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабы 6-тармағының 2-бөлімі 1), 3) тармақшаларына сәйкес және Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 19 қарашадағы № 65/18 қаулысы негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№ 479 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Айгүл Серікқызы Жангабулова атқаратын міндеттерінен өз еркімен кетуіне байланысты босатылсын;
№ 481 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Жандос Қуанышбекұлы Төлегенді атқаратын міндеттерінен әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты босатылсын.
№ 479 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Зауре Тұрарқызы Бүркітова енгізілсін.
№ 481 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Манас Оразұлы Утегенов енгізілсін.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина