Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 8С-17-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190781 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3601058,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1153717,7 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 25899,8 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11938,7 мың теңге;

трансферттер түсімі – 2409502,2 мың теңге;

2) шығындар – 3769938,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 2238 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 18460 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 16222 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – (-958,4) мың теңге, оның ішінде:

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 958,4 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-170159,3) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 170159,3 мың теңге.»;

         6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. 2024 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                       А. Бралина

 

Дата публикации
05 января 2025