Жақсы ауданының халқын жұмыспен қамту мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

Жақсы ауданының

халқын жұмыспен қамту

мәселелері бойынша

қабылданып жатқан

шаралар туралы

 

 

          Жақсы ауданының Мансап орталығының директоры К.Ү. Көпееваның ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат депутаттары жергілікті атқарушы органдар халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша белгілі бір жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.    

          «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бағдарламасы аясында 509 азамат өтініш білдіріп, 353 адам жұмысқа орналастырылды, 20 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына адамдарды жіберу бойынша, «Күміс жас» жобасы бойынша көрсеткіштер орындалды.

          Халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, жұмыссыз азаматтарды бағдарламаға қатысуға шақыра отырып, аудандық газет беттерінде ақпарат жарияланады, «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жүзеге асыру туралы ақпарат орналастырылады.

          Ауданның пробация қызметтерінде және жұмыс берушілерінде есепте тұрған жұмыссыздарды, мүгедектерді шақыра отырып, бос орындар жәрмеңкелері өткізіледі, аудан тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылады.

          Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы ауданының Мансап орталығының директоры К.Ү. Көпееваның ақпараты назарға алынсын.
  2. Ұсыну:

          - ауданды дамытудың түрлі жобаларын іске асыру кезінде қосымша жұмыс орындарын құру жолымен халықты жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал ету, кәсіпкерлікті белсенді дамытуға және кеңейтуге, шағын бизнесті дамытуға жәрдемдесу;

          - еңбек нарығына әлі шықпаған жастарды да, жұмыс күшін де қамтуы тиіс жұмыс күшінің біліктілік деңгейін арттыру және дағдыларын үздіксіз дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

          - әйелдер, жастар, ауыл тұрғындары және мүмкіндігі шектеулі жандар сияқты санаттарды жұмыспен қамту шараларымен қамтуды ұлғайту;

          - Халыққа жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыздықтан қорғау саласында мемлекеттік қызметтер мен кепілдіктер көрсету жөніндегі жұмысты жақсарту. Аудан тұрғындарына еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс бойынша толыққанды ақпарат беру және қолда бар дерекқорды реттеу мақсатында басқа жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен және мекемелермен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Халықты еңбек нарығы туралы хабардар етуді дамыту тұрғысынан заманауи ақпараттық технологиялар мен жарнамаларды пайдалану. Азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарына ерекше назар аудару;

           - аудан жұмыс берушілерінің электрондық еңбек биржасында бос жұмыс орындарын орналастыру мәселесін тұрақты бақылауда ұстау;

          - ауыл мен ауылдық округтер әкімдерімен белсенді шараларға үміткерлерді жұмысқа орналастыруға және іріктеуге жәрдемдесу, сондай-ақ бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді оқыту бойынша бірлескен жұмысты жүргізу.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                             А. Бралина

Дата публикации
05 января 2025