Жақсы ауданының халқын сапалы медициналық қызметтермен және дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

Жақсы ауданының

халқын сапалы медициналық

қызметтермен және дәрі-

дәрмекпен қамтамасыз ету

бойынша қабылданып

жатқан шаралар туралы

 

 

           Жақсы аудандық ауруханасының бас дәрігері Э.А. Нұралинаның ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат депутаттары белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

          Ағымдағы жылы аудандық ауруханаға 11 дәрігер келді, қызметкерлер саны 98% құрайды. Тар мамандарды тарта отырып, көрсетілетін медициналық қызметтер саны ұлғайды, жалпы өлім-жітім көрсеткіштері төмендеді, нәресте өлімі жоқ. Дәрілік заттармен қамтамасыз ету 98% құрайды.

          Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы аудандық ауруханасының бас дәрігері Э.А. Нұралинаның ақпараты назарға алынсын.
  2. Жақсы аудандық ауруханасына ұсыну:

           - аудан тұрғындарына алғашқы және стационарлық медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу;

           - ауданда ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру;

           - халықты тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, диспансерлік есепте тұрған науқастарға дәрі-дәрмектердің уақтылы берілуіне мониторинг жүргізу;

           - аудандық БАҚ-мен бірлесіп әлеуметтік желілерге барлық жас топтарының тұрғындары арасында салауатты өмір салтын белсенді насихаттау.

  1.   Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                             А. Бралина                              

Дата публикации
05 января 2025