Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Сегізінші шақырылған

Жақсы аудандық

мәслихатының кезектен

тыс отыз алтыншы сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

                                           

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

          Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Жақсы ауданының халқын сапалы медициналық қызметтермен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
  2. Жақсы ауданының халқын жұмыспен қамту мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
  3. Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.  
  4. 4. 2025 жылға арналған Жақсы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
  5. Жақсы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  6. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  7. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  8.   Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Жақсы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 7ВС-46-3 шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  9. Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» № 8С-19-2 шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                           А. Бралина                                                                                                                                                          

Дата публикации
05 января 2025