Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 8С-17-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190781 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3646739,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1199611 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 9113,2 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6178 мың теңге;

трансферттер түсімі – 2431837,4 мың теңге;

2) шығындар – 3814660,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 9622 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 25844 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 16222 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-177543,3) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 177543,3 мың теңге.»;

         көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                       А. Бралина

 

 

 

Дата публикации
09 октября 2024