Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезектен
тыс отыз үшінші
сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Жақсы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылға арналған тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 8С-15-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина