«Жақсы ауданының
тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар
көлігі, автомобиль жолдары
және тұрғын үй инспекциясы
бөлімі» ММ-нің әлеуметтік
маңызы бар объектілерді
жылыту маусымына дайындау
жөніндегі жұмысы туралы есебі
«Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің есебін .тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат депутаттары бөлім жұмысында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.
Жылыту маусымына дайындық аясында Калинин мектебінде шатыр жабынын оқшаулау аяқталды, Чапаев мектебінде жылу трассасын жөндеу аяқталды, Новокиенка және Киев ауылдарындағы медициналық пункттерде жылыту жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізілуде, ауданның ауылдық клубтарында блоктық - модульдік қазандық сатып алынды және орнатылды.
Бүгінгі күні Жақсы аудан орталығында жаңа блокты-модульдік қазандық орнатылды. 2024-2025 ж.ж. жылыту маусымына Жақсы ауылының тұрғындарын үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін қосымша резервтік айналым сорғылары орнатылған.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- ауданның әлеуметтік нысандарының 2024-2025 жылдары жылыту маусымына дайындығын ерекше бақылауға алу;
- іс-шаралар жоспарында көзделген мерзімде білім беру мекемелерінің қазандықтары мен жылыту жүйелерінің барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын аяқтау;
- жергілікті деңгейде қатты отынның қажетті қорымен әлеуметтік нысандардың уақтылы және толықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпорындардың жылыту маусымына дайындық кестесін бақылау.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина