Жақсы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы

Жақсы ауданы әкімінің

өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің

орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы

 

 

         Жақсы ауданының әкімі А.А. Қадыралинаның өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімдігі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту бойынша жоспарлы және мақсатты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Ауданның экономикалық өсуін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін, барлық алғышарттар бар.

          І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Үш көрсеткішке қол жеткізе алмады.

          Мәселен, өнеркәсіп өнімінің көлемі 1713,8 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 131,4% (2023 жылғы қаңтар-шілдеде -  1467,6 млн. теңге, НКИ-78,0%) құрады.

          Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1407,4 млн.теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 128,4% – құрады (2023 жылғы қаңтар-шілдеде - 1268,6 млн. теңге, НКИ-77%).

          Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,3 млрд.теңгені немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71,4% (2023 жылғы қаңтар-шілдеде 7432,8 млн. теңге, НКИ- 2 есе) құрады. Бұл көрсеткіштің төмендеуіне 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын сатып алуының төмендеуі әсер етті.

         Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 4852,3 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2023 жылдың тиісті кезеңіне 99,2% (2023 жылғы қаңтар-шілдеде - 8248,2 млн. теңге немесе 102,7%) құрады.

         Бөлшек сауда айналымы 1568,0 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76,0%  (2023 жылғы қаңтар-шілдеде - 1946,5 млн. теңге немесе 105,2%) құрады.

          Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы есепті кезеңде 1360,0 шаршы метрді немесе өткен жылғы кезеңге 101,6% (2023 жылғы қаңтар-шілдеде - 1338 шаршы метр немесе 100,5%) құрады.

         Құрылыс жұмыстарының көлемі 4380,5 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2.7 есе көп (2023 жылғы қаңтар-шілдеде - 1566,5 млн. теңге немесе 103,7%)  құрады.

         Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Әкімдердің мәслихаттар алдында есептерін жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы   № 19 Жарлығын басшылыққа ала отырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы ауданының әкімі А.А. Қадыралинаның өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі бекітілсін.
  2. Ұсыну:

1) ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі шаралар кешенін іске асыру бойынша жаңа нысандар мен әдістерді іздеуді жалғастыру;

2) мемлекеттік органдардың тиімді және мақсатты жұмысын бақылау, олардың басшыларының түпкілікті нәтиже үшін жауапкершілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды белсенді және жүйелі түрде жүзеге асыру;

3) мемлекеттік бағдарламалардың іс шараларын іске асыру және экономиканың негізгі салаларының өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың оң жұмысын атап өту;

4)  ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштерді жақсарту жөнінде шаралар қабылдау.

  1. Аудандық «Жақсы жаршысы» газетінің редакциясына бұқаралық ақпарат құралдарында аудан тұрғындары үшін, мемлекеттік органдардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы, барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері барысында халықтың айтқан ескертулері мен ұсыныстарын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы хабарлау ұсынылсын.
  2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                         А. Бралина

 

 

Дата публикации
30 сентября 2024