Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №8С-19-2 «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Аудандық мәслихаттың

2023 жылғы 26 желтоқсандағы

№8С-19-2 «Жақсы ауданының

учаскелік сайлау комиссияларының

мүшелерін сайлау туралы»

шешіміне өзгерістер мен

толықтыру енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес және Жақсы аумақтық сайлау комиссиясының   2024 жылғы 15 тамыздағы № 25/10, 2024 жылғы 20 тамыздағы № 37/12 қаулылары негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №8С-19-2 «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

- №460 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына «Аманат» партиясынан ұсынылатын Елена Николаевна Мозговая; №470 «Ауыл» партиясынан  Олжас Айтанұлы Құсайынов сайлансын;

- шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:

«1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес №791 және №792 учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары сайлансын».

  1. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                                 А. Бралина                                       

 

Дата публикации
30 сентября 2024