Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № 8С-29-1 шешімі
Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 8С-17-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 3740703,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1249262 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 9115 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6178 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2476148,2 мың теңге;
2) шығындар – 3908624,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 11468 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 27690 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 16222 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-179389,3) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 179389,3 мың теңге.»;
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2024 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 8000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина