Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезектен
тыс жиырма тоғызыншы
сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жақсы ауданының әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» № 8С-19-1 шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» № 8С-19-2 шешіміне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина