Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Сегізінші шақырылған

Жақсы аудандық

мәслихатының кезектен

тыс жиырма сегізінші

сессиясының күн тәртібін

бекіту туралы

                                           

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

          Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Жақсы ауданында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.
  2. Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы.
  3. «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай–ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органы комиссиясының құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  5. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
  6. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын және комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы.
  7. Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 8С-8-7 «Жақсы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімін жою туралы.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                                      А. Бралина

        

Дата публикации
30 сентября 2024