Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының жаңадан құрылған сайлау учаскелерінде сайлау комиссияларының
құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақмола облысы Жақсы ауданының мәслихаты жаңадан құрылған сайлау учаскелерінде учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай Жақсы ауданының учаскелік сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси тиісті партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2024 жылғы 31 тамызға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді электрондық және қағаз форматта;
2) тиісті учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін дүйсенбі- жұма күндері 09:00- 18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Жақсы аудандық мәслихаты
Алмагүл Жамбылқызы Бралина – аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3.
Жауапты тұлға – Арыспаева Алтын Маратқызы, каб. № 30, қызметтік телефон нөмірі (871635)-21009, электрондық пошта мекенжайы, jaqsy_masl@aqmola.gov.kz; ИПГО a.aryspaeva@maslihatzhaksy.gov.kz
Жақсы аудандық мәслихаты жаңадан құрылған сайлау учаскелерінде сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды.
Жақсы аудандық мәслихаты