Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы  

Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

 

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Күші жойылды деп танылсын:

Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 7ВС-11-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24537 болып тіркелген);

Жақсы аудандық мәслихатының  2021 жылғы 10 қыркүйектегі                  № 7ВС-11-1 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 8С-8-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8617-03 болып тіркелген).

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
02 августа 2024