ЕРЕЖЕ Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы туралы

Жақсы аудандық  мәслихатының

2024 жылғы 28 мамырдағы

№ 8С-27-1 шешіміне

2 қосымша 

 

 

ЕРЕЖЕ

Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы туралы

 

1.Жалпы ережелер

 

  1. Осы Жер комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - ереже) Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес әзірленді.
  2. Жер комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Жақсы ауданның аумағында құзіреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
  3. Жер комиссиясының құрамы ауданың жергілікті атқарушы органдарымен құрылады және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жібереді.

Жер комиссиясының құрамына:

1) жергілікті өкілді органның депутаттары;

2) ауданның уәкілетті органның өкілдері, тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері;

3) қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

Жер учаскелері Қазақстан Республикасы Жер Кодекстің 43-1-бабына сәйкес берілген жағдайда, Жер комиссияларының құрамына:

1) жер учаскесі аумағында орналасқан ауыл, ауылдық округ әкімі;

2) жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген, тиісті аудандық, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті халық өкілдері де кіреді.

Ауданың жергілікті атқарушы органының ұйғаруы бойынша Жер комиссиясының құрамына басқа да тұлғалар кіруі мүмкін.

Жер комиссиясы тұрақты негізде жұмыс істейді. Жер комиссиясы мүшелерінің саны тақ болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны Жер комиссиясы мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауы тиіс.

Жер комиссиясының құрамы, төрағасын және осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында, және үшінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, бүкіл құрамы ауыстырыла отырып, келесі күнтізбелік он екі ай өткен соң жыл сайын бекітіледі.

Жер комиссиясының төрағасы болып әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады.

 «Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Жер комиссиясының жұмыс органы болып табылады.

Жер комиссиясының хатшысы жұмыс органының лауазымды адамдарының арасынан айқындалады. Жер комиссиясының хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

Дәлелдеу себебі бойынша комиссия хатшысының қатыспауының жағдайында, нақтысы іс сапрарға кетуіне байланысты және кезекті еңбек демалысына  шығуына байланысты, оның өкілеттігі бөлім маманына жүктеледі.

Жер комиссиясының отырысы, егер оған комиссия құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқыққа сыйымды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысып отырған өкілдерінің саны жер комиссиясының қатысып отырған мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.

Жер комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысып отырған Жер комиссиясы мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер оған жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.

Жер комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда, Жер комиссиясының мүшесі ерекше пікірін білдіруге құқылы, бұл жазбаша түрде баяндалуға және Жер комиссиясының шешіміне қоса берілуі тиіс.

Жер комиссиясының отырысы аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркеледі. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді ауданы жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.Жер комиссиясы отырысының барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио -, бейнежазбаны сақтау тәртібін, сондай-ақ аудио -, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібін орталық уәкілетті орган айқындайды.

Өтініш беруші жер комиссиясының хаттамалық шешіміне оны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен сотқа шағым жасай алады.

Жер комиссиясының оң қорытындысының бір данасы жерге орналастыру жобасын дайындау үшін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге беріледі.

Қазақтан Республикасы Жер кодексін 43-1-бабына сәйкес берілетін жер учаскелерін қоспағанда, Жер комиссиясы оң қорытындысының қолданылу мерзімі қабылданған күнінен бастап бір жылды құрайды. Біржылдық мерзімді өткізіп алу, жергілікті атқарушы органның жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiм қабылдауы үшін негіз болып табылады.

  1. Жер комиссия өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, сонымен қатар осы Ережеге және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Жер комиссия өз жұмысында заңдылық, лауазымды тұлғалардың өз әрекеттері мен қабылдаған шешімдері үшін жауапкершілігінің қағидаларын басшылыққа алады.
  3. Жер комиссия төрағадан, комиссия хатшысынан және комиссия мүшелерінен құралады.

 

  1. Жер комиссияның негізгі міндеттері, атқаратын қызметі және құқықтары.

 

  1. Жер комиссияның негізгі міндеттері: жер учаскелеріне құқықтар беру (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және қорытындыларды дайындауға.
  2. Заңнамада белгіленген тәртіппен келісімдері бойынша сарапшылары мен кеңесшілерді комиссия жұмысына қатыстыруға тарту.
  3. Жер комиссия өз құзыреті шегінде аудандық әкімдіктің, ауыл және ауылдық округтердің әкімдіктерінен, өзге де мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті материалдар, ақпараттар мен құжаттар сұратып құқылы.

 

  1. Жер комиссияның қызметін ұйымдастыру.

 

  1. Жер комиссиясының отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.
  2. Жер комиссия төрағасы комиссия қызметін басқарады және оның отырыстарында төрағалық етеді.
  3. Жер комиссиясының хатшысы:

1) жер комиссиясының мүшелерін оның отырыстарының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;

2) Жер комиссиясының отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;

3) Жер комиссиясы отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;

4) жер комиссиясының төрағасына қабылданған шешімдер туралы оның мүшелері дайындаған есепті ұсынады;

  1. "Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі"мемлекеттік мекемесі жер комиссиясының жұмыс органы болып табылады.

 

 

  1. Жер комиссияның қызметін тоқтату

 

  1. Жер комиссиясы өз жұмысын Жақсы ауданы әкімдігі қауылысының негізінде тоқтатады.
ПОЛОЖЕНИЕ о земельной комиссии при акимате Жаксынского района
Дата публикации
30 мая 2024