Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы.

Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы

28 мамырдағы № 8С-27-1 шешімі

 

  

Жақсы ауданы әкімдігінің

жанындағы жер

комиссиясының құрамын

және комиссия жөніндегі

Ережені бекіту туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15-бабына және Жақсы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 мамырдағы № а-4/103 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Жер комиссия туралы Ереже 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Жақсы аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 мамырдағы «Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы» № 8С-5-12 шешімі жойылсын.
  4.        Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

                                                

Жақсы аудандық     

мәслихатының төрағасы                                                                 А. Бралина

 

Дата публикации
30 мая 2024