Жақсы ауданының
полиция бөлімінің құқық
бұзушылықтардың алдын алу,
қоғамдық тәртіпті сақтау,
кәмелетке толмағандармен
жұмыста өткізілетін іс-шаралар
және аудан халқының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
жұмысының есебін бекіту туралы.
Жақсы ауданының полиция бөлімінің бастығы Д. С. Кенжесеитовтің есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат депутаттары осы сұрақ бойынша бөліммен белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыстардың жалпы саны азайды. Қылмыстың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторлары халықпен тұрақты негізде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, қолайсыз отбасылар мен кәмелетке толмағандарды тексереді. Полиция инспекторлары «Жасөспірімдер қылмысы», «Әкімшілік және қылмыстық заңнаманы түсіндіру», «Балалардың жолдардағы және су айдындарындағы қауіпсіздігі» тақырыбында дәрістер өткізілуде.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде Жақсы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 810 әкімшілік құқық бұзушылықты, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 648 бұзушылықты анықтады. Жол-көлік оқиғаларына жол бермеу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу және анықтау мақсатында полиция бөлімі тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Жақсы ауданының Жастар ресурстық орталығы еріктілерімен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы халықпен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- ауданда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру;
- қолайсыз отбасыларды және ішкі істер бөлімінде есепте тұрған кәмелетке толмағандарды тексеру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- жол-көлік оқиғаларына жол бермеу, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу және анықтау;
- учаскелік инспекторлар қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс сапасын жақсарту;
- ауыл және ауылдық округ әкімдерімен тығыз қарым-қатынас жасау, оның ішінде қоғамдық жасақтар құру, жұртшылықты заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға тарту мәселелерін пысықтау.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина