Жақсы аудандық мәслихатынының
2024 жылғы 21 мамырдағы № 8С-25-1
Жақсы ауданының 2023 жылға
арналған бюджетінің атқарылуы
жөніндегі есепті бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, 2024 жылғы 19 сәуірдегі Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы және 2024 жылғы 14 мамырдағы Жақсы аудандық мәслихаты жанындағы бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты шешІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 5 523 338,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 548 323,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 42 531,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 19 003,6 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 913 479,6 мың теңге;
2) шығындар – 5 447 386,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – (- 4 290,2) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 15 525,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 19 815,2 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – (-2 511,8) мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 2 511,8 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 82 754,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – (-82 754,0) мың теңге.
- 2024 жылы әлеуметтік-экономикалық көрсеткішке қол жеткізуді қамтамасыз ету және Жақсы ауылында 27 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау;
- 2024 жылы Жақсы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету.
- бюджет қаражатын сапалы және уақтылы игеру мониторингін тұрақты негізде жүргізу;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламалық құжаттарда көрсетілген іс-шараларды, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде оларды тиімді және толық пайдалану бөлігінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер бойынша шарттарды сақтауын сапалы бақылауды қамтамасыз ету;
- Жақсы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын мекемелердің шығыстардың жекелеген түрлері бойынша артық төлемдерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдасын, бюджеттік бағдарламалардың орындалуының қатаң қаржылық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етілсін.
- жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау, бюджеттік бағдарламаларға сәйкес түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу;
- бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ұсынылатын есептердің дұрыстығын қамтамасыз ету;
- дебиторлық және кредиторлық берешекті төмендету және оған жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;
- Қазақстан Республикасының бюджет талаптары мен басқада заңнамарын және бюджетті жоспарлауында есептерді құру сапасын жоғарлатуы қатаң сақталсын.
- өз кірістерінің үлесін ұлғайту бойынша мақсатты жұмысты жалғастыру;
- 2024 жылдың қорытындысы бойынша оның өсуіне және толық таратылуына жол бермеу мақсатында салықтық әкімшілендіруді жақсарту және аудандық бюджетке берешекті төмендету жөнінде шаралар қабылдасын.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина