Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы
21 мамырдағы № 8С-25 шешімі
Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезекті
жиырма бесінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы аудандық мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Жақсы ауданының 2023 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
- Жақсы ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2023 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептерді бекіту туралы.
- Жақсы ауданының полиция бөлімінің құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандармен жұмыста өткізілетін іс-шаралар және аудан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі есебін бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.
- Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерді бекіту туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының кезекті сессия қарауына енгізілетін негізгі сұрақтары туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина