Жақсы аудандық мәслихатының жанындағы әлеуметтік саясат, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік пен этика жөніндегі тұрақты комиссиясының қаулысы
Жақсы ауылы № ___ «__» ____________ 2024 жыл
Жақсы ауданында
спортты дамыту туралы
Ішкі саясат, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.С.Торткаринаның есебін тыңдап, талқылағаннан кейін тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Ішкі саясат, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.С. Торткаринаның есебі назарға алынсын.
Ұсынылсын:
- Жастар арасында спорттық іс-шараларды, бұқаралық спорт түрлері бойынша жарыстарды ұдайы ұйымдастыру. Аудан тұрғындары үшін спорт секциялары мен үйірмелер желісін кеңейту;
- Қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау және ұстану ауыл тұрғындарын дене шынықтыру мен спортпен жүйелі айналысуға жаппай тарту, азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді жандандыру;
- Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауды жандандыру.
Тұрақты комиссиясының төрайымы А. Саутова