Сегізінші шақырылған
Жақсы аудандық
мәслихатының кезекті
жиырма төртінші
сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жақсы аудандық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- «Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-нің спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, кітапхана жүйесінің жұмысы, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, діни бірлестіктермен жұмысы жөніндегі есебін бекіту туралы.
- Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында Жақсы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жұмысының есебін бекіту туралы.
- Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 ақпандағы № 8С-22-4 «Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің күшін жою туралы.
- Жақсы аудандық мәслихатының кезекті сессия қарауына енгізілетін негізгі сұрақтары туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина