«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру бойынша Жақсы аудандық ауруханасының 2023 жылғы жұмыс есебін бекіту туралы

«Дені сау ұлт» әрбір

азамат үшін сапалы

және қолжетімді денсаулық

сақтау» ұлттық жобасын іске

асыру бойынша Жақсы

аудандық ауруханасының

2023 жылғы жұмыс есебін

бекіту туралы

 

 

           Жақсы аудандық ауруханасының бас дәрігері Э.А. Нұралинаның «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру бойынша Жақсы аудандық ауруханасының 2023 жылғы жұмыс туралы» есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат депутаттары ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.  

           Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, жүкті әйелдердің денсаулығын сақтауға және балалардың денсаулығын нығайтуға, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтумен қамтуға, кадрлық әлеуетті нығайтуға ықпал етеді.

           Ұлттық жоба шеңберінде 21 көрсеткіштен 20 – 95,2% – ға қол жеткізілді, 1-4,8% - ға қол жеткізілмеді.

           Балаларды 1 жасқа дейін проактивті бақылаумен және скринингтермен қамту ұлғайтылды (11 айдағы көрсеткіш 85,9%). Аудан бойынша балалардың неонаталдық, аудиологиялық, психофизикалық, офтальмологиялық скринингтері жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамту ұлғайтылды (көрсеткіш 64,3%), 45 бала оңалтудан өтті.

           Ағымдағы жылы аудандық ауруханаға: УДЗ дәрігері, педиатр дәрігер, 2 акушер-гинеколог дәрігер, анестезиолог дәрігер, жалпы практика дәрігерлері: кардиолог, офтальмолог және отоларинголог қабылданды. Фертильді жастағы әйелдер медициналық тексерулермен қамту жүргізілуде, экстрогениталдық патологиясы бар, қауіп факторлары бар әйелдер, халықтың әлеуметтік осал топтары ерекше бақылауға алынды.  Жүкті әйелдерді ерте анықтау және диспансерлік есепке алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

         Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы аудандық ауруханасының бас дәрігері Э. А. Нұралинаның есебі назарға алынсын.
  2. Жақсы аудандық ауруханасына:

         1) медициналық жабдықтарды сатып алу бойынша жұмыс жүргізу;

         2) қажетті мамандардың дәрігерлік кадрларын тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

         3) ауданның барлық тұрғындарына скрининг жүргізу жөніндегі жоспардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау ұсынылсын.

  1.    Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                             А. Бралина

«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру бойынша Жақсы аудандық ауруханасының 2023 жылғы жұмыс есебін бекіту туралы
Дата публикации
31 января 2024