Жақсы ауданының
ауыл шаруашылығы
бөлімі» ММ 2023 жылы
атқарылған жұмысы
бойынша есебін және
2024 жылға арналған
жоспарларын бекіту туралы
Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының м.а. А.Б. Хасеновтың «Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2023 жылы атқарылған жұмысы бойынша есебі және 2024 жылға арналған жоспарлары туралы» есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат депутаттары бөлім жұмысында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.
Ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасын іске асыру аясында ағымдағы жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы басталды, оған Жақсы ауданы қатысты. Ауыл шаруашылығы бөлімі жобаға 11 қарыз алушыны тартып, 71,4 млн. теңге сомасына қаржыландырды.
Жыл сайын азық-түлік бағасын ұстау аясында аудан республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысады.
Жол картасының индикаторын іске асыру бойынша Запорожье ауылдық округінде «Аружан» шаруа қожалығы базасында «Сүт-тауар фермасының құрылысы» жобасы іске асырылды. 2023 жылы жалпы саны 150 бас ірі қара мал (Запорожье және Жаңа Қийма ауылдық округтерінде) 4 ет фермасын ашу жобалары жүзеге асырылды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқым шаруашылықтарына сапалы тұқым сатып алуына мониторинг жүргізу бойынша жұмыс жүргізілуде, 2023 жылы 117 мың га аумаққа минералды тыңайтқыштар сатып алынды.
Қолданыстағы несие беру және субсидиялау бағдарламалары бойынша бөліммен түсіндіру жұмыстары жүргілуде.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде бөліммен 184 қызмет көрсетілді, оның ішінде 39 - Мемлекеттік корпорация арқылы, 145 - электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсетілді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының м.а. А.Б. Хасеновтың есебі назарға алынсын.
1) «Сыбаға» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
2) Жол картасы индикаторларын орындау бойынша жұмыс жүргізу;
3) сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина