Жақсы аудандық
мәслихаты төрағасының
«2023 жылдың тоғыз айдағы
аудандық мәслихаттың
жұмысы жөніндегі»
есебін бекіту туралы
Аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес, Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы А.Д. Бралинаның «2023 жылдың тоғыз айдағы аудандық мәслихаттың жұмысы жөніндегі» есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат есепті кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге бағытталған белгілі бір жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
2023 жылы 19 сессия өткізілді, оның ішінде кезекті - 4, кезектен тыс-15 сессия, онда әртүрлі мәселелер бойынша 91 шешім қабылданды. Әділет органдарында 7 Нормативтік құқықтық акт тіркелді, эталондық бақылау банкіне 20 акт жіберілді.
Мәслихаттың 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша мәслихат сессиясында ауданның жергілікті атқарушы органдары басшыларының есептері тыңдалды.
Есепті кезеңде мәслихаттың тұрақты комиссиялары барлығы 18 отырыс өткізді, Мемлекеттік органдардың 10 басшысы есеп берді. Барлық отырыстардың қорытындысы бойынша тұрақты комиссия қаулылар қабылдады, онда атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыру, бюджет қаражатын пайдалану, жалпы қаржылық тәртіпті сақтауды және заңнама нормаларының бұзылуына жол бермеу жөнінде ұсынымдар берілді.
2023 жылы ауданның Қоғамдық кеңесімен 5 отырысы өткізілді, онда тиісті ұсынымдар берілді, барлық жоспарланған мәселелер қаралды.
Мәслихат депутаттарымен ауылдық округтерге барып, өз сайлаушыларымен 80 кездесу, түрлі мәселелер бойынша азаматтарды 37 жеке қабылдауы өткізілді. 62 азамат қабылданды, азаматтардың 11 өтініші оң шешілді. Кездесулердің қорытындысы бойынша депутаттар уәкілетті органдар мен ұйымдарға 22 депутаттық сауал жолдады.
Барлық депутаттар ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысады, қайырымдылық акцияларының қатысушылары болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген өз өкілеттіктері мен құқықтарын тиімді пайдалану;
- өз өкілеттіктерін орындауда белсенділікті арттыруға, сайлауалды бағдарламаларды орындауға үнемі қол жеткізу;
- сайлаушылармен байланысты нығайту және азаматтарды тұрақты қабылдау;
- аудандық мәслихаттың қабылдайтын шешімдерінің, тұрақты комиссиялар қаулыларының орындалуын бақылау жүйесін жетілдіру;
- «Amanat» партиясының 2024 жылға арналған сайлауалды бағдарламасының жол картасы индикаторларының орындалуын толық іске асырылғанға дейін ерекше бақылауға алсын.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина