Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Сегізінші шақырылған

Жақсы аудандық

мәслихатының кезекті  

он жетінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Жақсы аудандық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
  2. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру бойынша Жақсы аудандық ауруханасының 2023 жылғы жұмыс есебін бекіту туралы.
  3. «Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2023 жылы атқарылған жұмысы бойынша есебін және 2024 жылға арналған жоспарларын бекіту туралы.
  4. Жақсы аудандық мәслихаты төрағасының «2023 жылдың тоғыз айдағы аудандық мәслихаттың жұмысы жөніндегі» есебін бекіту туралы.
  5. Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
  6. Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  7. Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған аппаратының құрылымы мен штатын, қызметін қамтамасыз етуге және ұстауға арналған шығындарды бекіту туралы.

         

 

Жақсы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                             А. Бралина

Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Дата публикации
31 января 2024